Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметін көрсетуге келісім шарт
Нұсқа: 1.0 | Күні: 11.05.2026
Жеке кәсіпкер бұдан әрі қарай «Қызмет көрсетуші» деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет етуші, директор тұлғасындағы Оразбеков Ж.Н. бір тараптан, және тұрғын үйдің Меншік иеленуішісі/Жалға алушысы (тұрақты тұруға арналған және қолданыстағы жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме), бұдан әрі қарай «Тұтынушы» деп аталатын, екінші тараптан, әр қарай – «Қызмет көрсетуші» және «Тұтынушы» жеке «Тарап», ал бірлесіп – «Тараптар» деп аталады, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне төмендегідей осы жария шартты жасасты (әр қарай – «Шарт»):
Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) Қатты тұрмыстық қалдықтар (әрі қарай - ҚТҚ) - тұрғын үйлерден, қоғамдық және қызметтік ғимараттардан шығатын тұрмыстық қалдықтар, аулалардың, жаяу жүргіншілер жолы мен оған қатысты аумақтардың қоқыстары, тұрғын үй қорындағы отпен жылытылатын ғимараттардағы пештердің күлдері.
2) «Коммуналдық қалдықтар» – тұрғын елді мекендерінде, соның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болатын тұтыну қалдықтары, оларға құрамы мен пайда болу сипаты бойынша жақын, өндіріс қалдықтары;
3) «Сұйық қалдықтар» – сұйық формадағы кез келген қалдықтар.
4) «Ірі габаритті қоқыс» – өз тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан және өз көлемдері бойынша арнайы қоқыс жинау машиналарымен тасымалдау мүмкіндігі болмайтын, тұтыну мен шаруашылық қызметтің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.)
6) «Құрылыс қоқысы» – ғимараттарды немесе құрылыстарды, не бөлек конструкторлық элементтерді бөлшектеу (демонтаждау) процесінде, сондай-ақ құрылыс монтаждау және жөндеу құрылыс жұмыстарын орындау кезінде пайда болған қоқыс.
7) «ҚТҚ шығару» қызметіне төлеу көлемі – әрекет етуші тарифке сәйкес Жалағаш ауылының әкімдігі және ауыл тұрғындарының бірлесіп ҚТҚ жинау нормаларына белгіленген тәртіпте өкілетті органымен бекітілген қызметі төлемінің құны.
8) Төлем құжаты – Орындаушының оның негізінде төлем жүргізетін (төлемге шот, шот-фактура, хабарлама, түбіртек, ескертпе-шот) құжаты.
1. Шарттың мәні
1.1.Қызмет көрсету келісіміне сәйкес «Орындаушы» бекітілген кестемен қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) үнемі шығаруға, ал «Тұтынушы» уақытында және толық көлемде көрсетілген қызметке төлем жүргізуді міндетіне алады.
1.2.Мерзімді және күрделі жөндеуден кейінгі қоқыстар (тұрғын үй қорындағы отпен жылытылатын ғимараттардағы пештердің күлдері т.б.), құрылыс қоқыстарымен үлкен көлемді жүктер біржолғы тапсырыс бойынша «Тұтынушы» есебінен қосымша төлем ақыға шығарылады.
1.3. Осы шарттың мәні Қызмет көрсетушінің ҚТҚ жинауға арналған орындарынан оларды шығару бойынша өтемді қызметтердің көрсетілуі ( бұдан әрі қарай – «Қызметтер») және Тұтынушының аталған Қызметтерге Шарттың талапатарына сәйкес төлем жасауы болып табылады.
1.4. Қызмет көрсетуші, қоқыс шығарушы ұйым бола келе, өкілетті органдарымен бекітілген учаскелерде және жеке шарт негізінде Тұтынушыға Қызметтерді көрсетеді.
1.5. Қызмет көрсетушімен қызмет көрсетілетін аумақтың шекаралары осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, № 1 қосымшасында көрсетіледі.
2. Тұтынушының құқығы мен міндеттері
2.1. Тұтынушы құқылы:
2.1.1. Бекітілген кестелерге сәйкес ҚТҚ уақытылы шығарылуына;
2.1.2. Тарифтерді және Қызметтерге төлеу Мөлшерін қолдану туралы ақпарат алуға;
2.1.3. Шартта белгіленген мерзімде (Шарттың 3.2.6.т) Қызметтерді көрсетуде Қызмет көрсетушімен анықталған кемшіліктерді жоюға;
2.1.4. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен анықталатын, көлемі мен тәртібінде Қызмет көрсетушінің кінәсінен Қызмет көрсетудегі кемшіліктер салдарынан денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірілген шығындар мен зиянды толық көлемде өтеуге;
2.1.5. Оның құқығы бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот арқылы қорғануына.
2.1.6. Кондоминиумды басқару органына Шартты жасау бойынша өзінің барлық өкітеттілігін табыстайды.
2.1.7. Қызметті тұтыну бойынша жеке шарттар жасауға.
2.2. Тұтынушы міндетті:
2.2.1. ҚТҚ шығару бойынша Қызмет көрсетушінің қызметтерін осы шартта белгіленген мерзімде және толық көлемде төлеуге;
2.2.2. Ондағы пайда болған қалдықтарды уақытша сақтау орындарында белгіленген орындарда қаттап жинау (жоюдың контейнерлік жүйесі болғанда) немесе өз ыдысында (сыйымдылығында) арнайы белгіленген орындарда қоқыс жинау көлігіне тиеу (жоюдың ыдыссыз жүйесі кезінде);
2.2.3. Сұйық қалдықтардың төгуін, құрылыс қоқысын, топырақ, ірі габаритті жүктерді, металл сынығын, ағаштар кесіктерін, бұталарды, жапырақтарды, бұтақтарды қоқыс жинағышқа тасталуын болдырмау;
2.2.4. Құрылыс қоқысын, топырақты, ірі габаритті қоқысты, металл сынығын, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтарды, қазандықтардан шыққан қоқыс, пештердің күлін контейнерлердің қасында, бөлек контейнерлік алаңда (жабдықталған тұрғын үй секторы үшін) немесе үй жанындағы аумақта (жеке тұрғын үй секторы үшін) әрі қарай шығару үшін Шарттың 2.2.5.т. сәйкес;
2.2.5. Қоқыс шығаратын ұйымына құрылыс қоқысын, ірі габаритті қоқысты, металл сынығын, ағаш кесіктерін, жапырақтар, бұтақтар, топырақты шығарғаны үшін келісілген баға бойынша қосымша төлеу;
2.2.6. ҚТҚ және басқа қоқыстардың ол үшін белгіленбеген орындарда (контейнерлік алаңдардан басқа) қаттап сақталуына, сондай ақ контейнерлерде, аулаларда, көшелерде оларды жерге көмуге, жағуға жол бермеу;
2.2.7. Сақталуды қамтамасыз ету мақсатында қоқыс жинағыштарға және контейнерлік алаңдарға ұқыпты қарау;
2.2.8. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамаснда және осы Шартта көзделген өзге міндеттемелерді орындау.
2.3. Қызмет көрсетуші құқылы:
2.3.1. Тұтынушыдан уақытылы және толық көлемде Қызметтер үшін төлем алуға және төлеу мерзімдерін бұзған жағдайда Шартта қарастырылған шараларды қолдану;
2.3.2. Тұтынушыға Шарт бойынша көрсетілген Қызметтерге Қызмет көрсетуші өз мүліктік мүдделерін қорғау үшін Тұтынушыдан қарыз сомасы мен есептелген айыппұл санкцияларын мәжбүрлі өтеу арқылы.
2.4. Қызмет көрсетуші міндетті:
2.4.1. Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісілген өзіне бекітілген учаскелерді Қзақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес ҚТҚ жоспарлы-реттік тазартуын кестеге сәйкес жүргізуге;
2.4.2. Контейнерден қоқыс тасушыға тиеу кезінде төгілген қоқысты жинауды жүргізу;
2.4.3. Қозғалыс схемасына және өзгерген пайдалану жағдайларына сәйкес маршруттық кестелерді құру және түзетуге;
2.4.4. Контейнерлерді сақтау мақсатында ҚТҚ тиеу кезінде жабдықтарға ұқыптылықпен қарау;
2.4.5. Тұтынушыға ҚТҚ шығару үшін төлем жасау үшін төлеу құжаттарын ағымдағы айдың 15-не дейін ұсыну;
2.4.6. Көрсетілетін Қызметтердің көлемі мен сапасына негізделген талаптарды алған кезде 24 сағат ішінде Тұтынушының талаптарын қанағаттандыру;
2.4.7. Тұтынушыны ҚТҚ шығаруға Қызметтер мен тарифтердің өзгеруі, сондай ақ ҚТҚ шығару шарттарының өзгеруі жөнінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен енгізгенге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттандыру;
2.4.8. 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Тұтынушының дербес деректерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдауға;
2.4.9. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасында және осы шартта көзделген басқа міндеттемелерді орындауға.
3. Қызметтер Құны Және Есеп Айырысу Тәртібі
3.1. Қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрі – ҚТҚ) көлемін есептеу үшін Жалағаш ауылы әкімдігі бекіткен және белгіленген тәртіппен мақұлданған қалдықтардың жинақталу нормалары қолданылады.
3.2. ҚТҚ шығару қызметтеріне тарифтер жергілікті өкілетті органмен (Мәслихат), қоғамдық кеңес мүшелерімен және ауыл тұрғындарының қатысуымен бекітілген тәртіп пен мерзімде белгіленеді және өзгертіледі.
3.3. Тұтынушы көрсетілген қызметтер үшін ай сайын бекітілген тариф бойынша төлем жасайды. Төлем мөлшері бір тұрғын үй кешеніне (үй басына) айына 0,30 (нөл бүтін жүзден отыз) айлық есептік көрсеткіш (АЕК/МРП) мөлшерінде 1300 (мың үш жүз) теңге болып белгіленеді. АЕК мөлшері ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес өзгерген жағдайда, төлем құны тиісінше қайта есептеледі.
3.4. Тұтынушының тапсырысы бойынша қосымша қызметтер (ірі габаритті қоқыстарды, құрылыс қалдықтарын, пеш күлін және т.б. шығару) арнайы техника (самосвал) мен тиеушілерді тарта отырып, тараптардың өзара келісімі негізінде әр рейс үшін бөлек бекітілген бағамен төленеді.
3.5. ҚТҚ шығару үшін төлем Жалағаш ауылы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
3.6. Тұтынушы қызмет ақысын есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) жұлдызынан кешіктірмей төлеуге міндетті.
3.7. Тұтынушы немесе онымен бірге тұратын тұлғалар уақытша болмаған жағдайда (5 күнтізбелік күннен артық), растаушы құжаттар (емдеу мекемесінен анықтама, іссапар куәлігі, жолдама, басқа жерде тұрғаны туралы түбіртек және т.б.) мен жазбаша өтініш негізінде сол мерзім үшін төлем қайта есептеледі немесе алынбайды.
3.8. Тұтынушы мекенжайдан уақытша кететіні туралы 5 (бес) жұмыс күні бұрын алдын ала хабарлауға міндетті. Тұтынушы қайтып келген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде тиісті растаушы құжаттарды ұсынуы тиіс. Құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қызмет ақысын есептеу өтініш берілген күннен бастап толық көлемде қайта жүргізіледі.
3.9. Төлемді қайта есептеуге немесе оның мөлшерін өзгертуге әкелетін барлық жағдайлар Тұтынушының жазбаша арызы мен негіздемелік құжаттары болғанда ғана жүзеге асырылады.
4. Қызмет көрсетуші азаматтардың жекелеген санаттарына ҚТҚ шығару қызметтері үшін төлем бойынша берілетін жеңілдіктер
4.1. Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарға коммуналдық қызметтер үшін төлемдерге қатысты көмек көрсету және ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне қайырымдылық әлеуметтік көмек көрсету мақсатында және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабы негізінде Қызмет көрсетуші ҚТҚ шығару үшін қызметтерге төлем бойынша келесі мөлшерде жеңілдіктерді ұсынады:
– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар – 100% (қызметтер тегін көрсетіледі);
– жасы 80-нен жоғары – 50% (қызметтер көрсетіледі);
– 1, топ мүгедектеріне – әрекет етуші тарифтен 50%(қызметтер көрсетіледі);
– 2, топ мүгедектеріне – әрекет етуші тарифтен 25%(қызметтер көрсетіледі);
4.2. Қызмет көрсетушілер есебінен жеңілдіктер растау құжаттары негізінде және арызды беру кезінен бастап ұсынылады.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Қызмет көрсетуші және Тұтынушы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікті тартады.
5.2. Қызметтер үшін уақытылы емес төлеген кезде Тұтынушы Қызмет көрсетушіге өсімақы төлейді. ҚТҚ шығару қызметтері үшін төленбеген есептелген сома үшін өсімақы есептік айдан кейінгі айдың 26-сы күнінен бастап, әр кешіктірген күні үшін Қызмет сомасынан 0,1% мөлшерінде есептеледі.
5.3. Өсімақыны есептеу кезінде есептік айда жасалған барлық төлемдер мен түзетулер ескеріледі.
5.4. Айыппұл санкцияларын төлеу Тараптарды осы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6. Дауларды қарастыру тәртібі
6.1. Тараптар әрекет етуші заңнамаға сәйкес бекітілетін ҚТҚ шығару мен жинау нормалары бойынша қызметтерді ұсыну қағидаларының, тарифтердің өзгеруі Шарт талаптарын өзгерту үшін негіз болып табылатынын мойындайды.
6.2. Шарт бойынша даулар туындаған жағдайда тараптар оларды сотқа дейінгі реттеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндеттеледі.
6.3. Туындаған даулар бойынша келісімге келе алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қарастыруға жатады.
6.4. Қызметті ала алмаған жағдайда, , сапасы тиісті емес қызметті алуы немесе толық емес көлемде алған кезде Тұтынушы ол туралы Қызмет көрсетушіні міндетті түрде жасалған күні мен уақытын және арызды берген және қабылдаған тұлғаның тегі көрсетілген, жеке (тапсырыспен) немесе телефонограммамен ескертуі тиіс. Телефонограммада көрсетілетіні: қызмет сапасының нашарлауының (болмауының) басталу уақыты, нашарлау сипаты және Қызмет беруші өкілінің қатысу қажеттілігі (егер қызмет сапасының нашарлауы немесе оның тоқтатылуы Қызмет берушімен журналда тіркелмесе). Тұтынушының жеке жүгінуі кезінде тапсырыстың көшірмесі болуы тиіс, онда түсуін тіркеу нөмірі, тапсырысты беру күні мен уақыты, оны қабылдаған Қызмет беруші өкілінің қолы қойылады. Қызмет беруші қызметтің тапсырыста (телефонограммада) көрсетілген нормадан сапасының ауытқуы (үзілісі) туралы белгілерін тексереді және келіспеушіліктер болмаған жағдайда қызметтің нақты тұтынуына сәйкес оның құнын қайта есептеуді орындайды.
6.5. Қызмет көрсетушінің қызметті ұсынбау немесе сапасы төмен қызмет көрсету дерегін растаудан бас тартқан кезде Тұтынушы келесі жайттар көрсетілген, жазбаша арыз жазуға құқылы:
1) қызмет көрсетуден бас тартудың немесе оның сапасыз жеткізілуіңің басталу уақыты;
2) қызмет сапасының нашарлау сипаты;
3) тапсырысты беру уақыты және оның тіркеу нөмірі (Қызмет көрсетушінің журналы бойынша);
4) қызмет көрсетуді қайта бастау уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);
5) қызметтің болмаған (сапасының нашарлау) кезеңі.
Актке Тұтынушы, үй жайлардың (үйлердің) меншіктенушілер кооперативінің өкілетті мүшесі, қызмет көрсететін ұйым немесе екі тәуелсіз куә қол қояды және Қызмет көрсетушіге жолданады. Дауды реттей алмаған жағдайда тараптар келісімі бойынша 10-күндік мерзімде Тұтынушы талапты сотқа жібереді.6.6. Шарт арқылы реттелмеген мәселелер, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі ережелеріне және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік актілеріне сәйкес қарастырылады.
7. Шарттың әрекет ету мерзімі
7.1. Шарт оның бұқаралық ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілер арқылы жариялағаннан кейін шарт жасасқан күнінен бастап күшіне енеді.
7.2. Шарт белгісіз мерзімге жасалған болып есептеледі.
8. Форс-мажор мән-жайлары
8.1. Тараптар Шарт жасасқан соң кейін туындаған және Тараптар оларды болжай алмайтын, не дұрыс тәсілдермен болдырмайтындай, еңсерілмейтін күші бар мән -жайлардың әрекет ету салдарынан (апаттық құбылыстар, апаттар, төтенше жағдай тәртібін енгізу және т.б., әрі қарай – «Форс-мажор») Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамау немесе тиісті орындамауы үшін жауапкершіліктен босатылады.
8.2. Қыс мезгілінде ауа температурасы Цельсия бойынша 30 градустан төмен болған жағдайда Орындаушы ҚТҚ шығару жұмыстарын жүргізібей тоқтатуға құқылы. Ауа райы ретке келгенде Шарт бойынша ҚТҚ шығару жұмыстары толығымен орындалады.
8.3. Форс-мажор мән-жайларының басталуы кезінде Тараптар Форс-мажор мән жайларының әрекетіне түскен Тарап Форс-мажор мән-жайларының басталуы туралы басқа Тарапты дереу хабардар еткен және олардың әрекет етуін тоқтату кезінде Шарт талаптарын қайта басталуы жағдайда, шарт талаптарын орындамағаны үшін материалдық жауапкершіліктен босатылады.
8.4.Форс-мажор мән-жайлары Қазақстан Республикасының сауда өнеркәсіптік палатасымен куәландырылуы тиіс.
9. Жалпы ережелер
9.1. Осы Шарт жариялы болып табылады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387 бабы).
9.2.Осы шарттың күшіне енуі Тараптардың оны қабылдауға дейінгі туындаған өзара міндеттемелерінен орындаудан босатпайды.
9.3. Егер, Шарт жобасын жариялған отыз күн ішінде Тұтынушы Қызмет көрсетушіге ешқандай келіспеушілік туралы хаттама жібермесе, Шарт қол қойылған болып есептелінеді. Сонымен бірге, Шарт жасалған болып есептеледі, егер Тұтынушы конклюденттік әрекеттер жасаса, яғни Шарт жасасуға ыңғай білдіретін әрекеттер жасаса. Мысалы, тұтынушы төлемдерді төлеп отырса, немесе нақты төлемнен тәуелсіз нақты қызметті қолданып (тұтынып) отырса. Егер, Тұтынушы, Шарт жобасын алып, келіспейтін хаттамасын жіберген жағдайда, Шарт тараптар ескертулерін келісу арқылы жасалады, немесе пікірталас болғанда Шартты сот арқылы пікірталас жағдайын анықтау арқылы жасасады. төлем ақы жүргізген күннен бастап.
10. Басқа шарттар.
10.1. Осы келісім шарт _____________________ күннен бастап күшіне енеді, және екі жақтың бір біріне наразылығы жоқ болса, келісім шарт белгісіз мерзімге ұзартылады.
10.2. Келісім шарт құрамы 2 данадан, әр тарапқа бір бірден әрқайсының заңды күші бірдей.
11. Тараптардың қолдары:
___________________ ______________________
Оразбеков Ж. Н.
| Орындаушы: ИП «Заңғар» Адрес: Кеген ауданы, Жалағаш ауылы, Абай көшесі 5, Тел. 8 778 778 07 31 (call center) БСН/БИН 831019301780 ЖИК/ИИК KZ04563B350000149825 БИК: KPSTKZKA(190501563), РНН: 600700100437 АО "КАЗПОЧТА" e-mail: O.Jas@mail.ru Басқарушы директор __________________Оразбеков Ж.Н. М.П. | Тұтынушы Аты -жөні __________________________________ __________________________________ Мекен-жайы: Жалағаш ауылы. ____________________________көшесі, _______ үй, _____ пәтер жеке куәлік №_______________________________ «___»_____________________________ ИИН:_____________________________ ұялы тел.: _________________________ Келісімшарттың 1 данасын алдым __________________________ (қолы) |